Бес жылға жалғасқан «Bek Air» тергеуі аяқталды. Алматы маңында апатқа ұшыраған компания ұшағына қатысты бас-аяғы 4 мың тергеу әрекеті жүргізілді. Бұл туралы бүгін Көліктегі полиция департаменті хабарлады.Әуе апатына қатысты тыңғылықты тексеріс жүрді. Оқиға орны мен компанияға қатысты 2 мың рет тексеру тобы барған. Ал ұзын-саны 1350 адамнан жауап алынған. Тергеу ісіне Бельгия, Германия, Люксембург және Нидерланды елдері де ат салысты. Қазір іске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.
Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанында Алматы әуежайында «Bek Air» әуекомпаниясының «Fokker-100» ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан болатын. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Bek Air» ұшағына қатысты тергеу ісі аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191481/)