Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған Қызылқоға ауданының ауылдарынан мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Тайсойған, Қоныстану елді-мекендерінен кешелі бері 200-дей тұрғын қалаға жіберілді. Қалғандары ауылдағы мектепте тұрып жатыр. Ол жерде азаматтар азық-түлік және қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Миялыда 3, Қоныстану ауылында 1 эвакуациялық пункт тұрғындарды қабылдап жатыр.
Эльвира Шынекенова, ауыл тұрғыны:
Жағдайымыз жақсы. Қауіпсіз жер деп ойлаймын, 2-ші этаждамыз. Іште тамақты бәрін ұйымдастырып қойған екен. Памперсі, киіміне дейін қамтамасыз етіп жатыр көрпе, көпшігіне дейін беріп. Рахмет, жан-жақтан көмектесіп жатқан адамдарға.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191500/)