Парижде өтетін Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 18 мың француз әскері мен 3 мың ұшқыш жұмылдырылмақ.
Сондай-ақ, Франция үкіметі әлемнің 46 мемлекетінен көмекке әскери қызметкер жіберуді сұраған. Бельгия мен Польша ұсынысты қабылдайтындарын растады. Польша 40 тәртіп сақшысы мен кинологтардан құралған 13 команда жібермек. Олардың міндеті – жарылғыш заттарды анықтап, залалсыздандыру.
Шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і аралығында өтетін Олимпиада ойындарын тамашалауға 15 млн адам барады деген болжам бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Париждегі Олимпиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 46 мемлекеттің әскерилері жұмылдырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191520/)