Атырау облысындағы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қарғын судан қауіп төнген елдімекендерде эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақтағы ахуалды толығырақ баяндау үшін әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жем өзені тасып, Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай ауылына қауіп төндіріп жатыр. Су бөгеттерді бұзып, ауыл ішіне кірген. Кеше кештен бері 150-ден астам адам 3 құтқару пунктіне эвакуацияланды. Аудан бойынша су тасқыны қаупін сейілту мақсатында 60 шақты техника және 2000 волонтер жұмылдырылды. Штаб құрамы кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ облыстан 50 әскери қызметші көмекке келді. Теңіз кенішінің және жергілікті мекемелердің техникалары да жұмылдырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысындағы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191521/)