Жыл басталғады спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Қазір бұрынғы вице-министр, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Спортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінгінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжілісте айтылды.
Төраға Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатқанын жеткізді. Сала бюджетінің дұрыс жұмсалмайды, - деді. Сондай-ақ, спорттық процестерде цифрландырудың болмауы қаржының жымқырылуына қолайлы екенін айтты.
Жиында спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191526/)