Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске қосты. Шара су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазір гуманитарлық көмекке 30 млн-нан астам теңге жиналған.
Қаржылай көмек Қарағанды және Ақмола облыстарына жөнелтілді.
Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
ҚХА аясында республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Волонтерлік орталықтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар негізі бірыңғай 1-40 біздің волонтерлар сол апатты аудандарда, ауылды мекендерде халыққа көмектесіп, ыстық тамақ дайындап, дәрі-дәрмек алып барып, қастарында болып, халыққа көмектесуге жағдай жасап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191534/)