Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін Красная поляна және Черниговка ауылдарынан 8 адам мен қырық шақты мал қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, тұрғындардың дені үйлерін тастап кетуден бас тартып жатыр. Қарғын су 4 баспанаға кірген. Облыс бойынша 30 жол учаскесін су басып, он жолда көлік қозғалысы шектелді.
Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Суды өткізу үшін облыстық маңызы бар «Келлеровка-Тайынша» бағытындағы жолдың жабынын алып тастауға тура келді. Тұрғындар Алексеевка ауылы арқылы қатынай алады. Барлық деңгейде жедел штабтар жұмыс істеп тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191569/)