Астанада қоғамдық резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі тыңдалым марқұмның телефонын қараудан басталды. Артынша, Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды. Бишімбаевтың соққысынан алған жарақаттар-марқұмның орталық жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына және жүрек қызметі мен тыныс алуының тоқтауына алып келген, - деді қорғаушы.
Ал айыпталушының адвокаттары мұнымен келіспеді. Қуандық Бишімбаев "аталған ауыр жарақаттар марқұм дәретханада өзі құлаған кезде пайда болған" - деді. Сот процесі әлі жалғасады.
Динара Жақыпбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бишімбаев ісі: Адвокат марқұм С.Нүкеноваға жасалған сараптама қорытындысын оқыды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191588/)