Ақтөбе облысынан кейін Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барды. Таулы өңірлерді тікұшақпен аралап, су тасқыны қаупі бар аймақтардың жағдаймен танысты. Облыс әкімі апатқа қарсы іс-шаралар толығымен атқарылып жатқанын айтты. Бүгінде Шығыс Қазақстанның 70%-ын қалың қар басып жатыр. Ал су қоры нормадан 2 есе артық. Қауіп әлі сейілмеген. Олжас Бектенов сондықтан су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуіміз керек, деді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191652/)