Алматы облысында «Ворошилов» су қоймасы бөгетінің жарылғанына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық прокуратураның «Немқұрайлылық» бабымен қозғаған ісінен кейін енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу жүргізеді. Айта кетейік, су қоймасы 2017 жылы сенімгерлік басқаруға жеке кәсіпкердің қолына өткен. Ал қойманың өзі облыстық әкімдіктің Ауылшаруашылығы басқармасына қарасты «Іле-иррегация» мемлекеттік мекемесіне тиесілі. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай аталған су қоймасында су 30 наурыз күні бірнеше елдімекенге қауіп төндірді. 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елдімекен халқы эвакуацияланды. Қауіп сейілген соң, тұрғындар үйіне қайта оралған еді.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ворошилов» су қоймасы бөгетінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191655/)