Солтүстіктегі көршіміз-Ресейдің 26 өңірі де, көктемгі су тасқынынан зардап шекті. 500-ден аса үй мен екі мыңнан астам жер телімін су басты. 100-ге жуық көпір мен ондаған жолды су шайып кетті. Алтай өлкесінде төтенше жағдай жарияланып, 40 елдімекенді су басты. Қазір аймақта 4 мың адамды жайғастыру үшін уақытша орталықтар ашылған. Орынбор облысындағы жағдай да, көңіл көншітпейді. Қарғын су облыс орталығындағы аудандарға жеткен. Қауіпті аймақтағы тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің 26 өңірі су тасқынынан зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191663/)