Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.
Сондай-ақ, бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Динара Жақыпбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191683/)