Елдегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен 270 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілген. Ол негізінен азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары секілді төтенше жағдайға қажетті заттар. Гуманитарлық көмекті тиеген жүк көліктерінің керуені бүгін таңғы сағат төртте Қазақстанға жол тартқан. Қырғызстан Үкіметі бұл үшін 40 миллион сом қаражат бөлген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстан Қазақстанға 270 тонна гуманитарлық көмек жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191684/)