Су тасқыны кезеңінде түрлі инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Қостанай облысы сан-эпид бақылау департаментінің дерегінше, сел мен су тасқыны кезеңінде ағын су сапасы нашарлайды. Яғни, онда микробтық және вирустық ластану деңгейі артады. Сондықтан, А вирустық гепатиті, жіті ішек инфекциялары және басқалары сияқты жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін дейді. Эпидемиологтар, аурудың алдын алу үшін/ бөтелкедегі суды, жарамдылық мерзімі ұзартылған азық-түлікті қорын жинаған жөн. Және қайнатылған суды ішу керек деді.
Дауренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны кезеңінде инфекция тарауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191694/)