Қостанай облыстық мешітінің бас имамы осылай деп, жұртшылықты/ қиын сәтте жұдырықтай жұмылуға шақырды. Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуден дін қызметкерлері де, шет қалып жатқан жоқ. Осы уақытқа дейін/ облыс аумағындағы мешіттерден апат болған аймақтарға 10 жүк көлігімен/ гуманитарлық көмек жіберілген.
Бақытбек Қажы Тәжімбет, Облыстық «Аймағанбет Спанұлы» мешітінің бас имамы:
Бабаларымыз болған іске болаттай берік бол дейді. Ең бастысы адамдар аман. Ал дүниенің орны толады. Сондықтан қазір біз сабырлы болуымыз керек. Көпшілікті осы кезде жұдырықтай жұмылуға шақырамын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төзім мен бірлік бар жерде қандай нәубетті де еңсеруге болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191702/)