Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланғанына бүгін 2-ші күн. Жағдай әлі де тұрақсыз. Дегенмен жауаптылар қауіптің алдын-алуға бар күш жігерін салып жатыр. Қазіргі ахуалды баяндау үшін әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Қауіп сейілер емес. Судың деңгейі сағат сайын көтерілуде. Қазір жауаптылар тәулік бойы эвакуациялау жұмыстарымен айналысып жатыр. тағы қандай елді-мекендерге қауіп төніп тұр. Оны Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақовадан білейік Гүлнафис ханым, Құлсарының маңындағы өзге елдімекендерге қауіп бар ма?
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құлсары маңындағы елдімекендерге қауіп төніп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191714/)