Су тасқыны болып жатқан аймақтардан 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше , қазір эвакуациялық пункттерді 14 мыңдай тұрғын паналап отыр. Ел бойынша 3700-ден аса үй су асытанда қалған.
«Қазгидромет» орталығы мамандары, төтенше жағдай жарияланған 6 аймаққа гидрологиялық дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Гидротехникалық нысандарда мұздың еруі, су деңгейінің өзгеруі байқалады, деді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында сәуірдің 8 мен 10-ы аралығында қатты жауын-шашын болады. Ауа температурасы көтеріліп, қар тез еріп су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Атырау облысында да Ембі өзені бассейніндегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=6 өңірде гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191785/)