Атырау облысына Ұлттық ұланның бортымен бүгін 23 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Астанадағы «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қоры өңірдегі тасқыннан зардап шеккен ағайынға азық-түлік пен керек-жарақ және сорғы техникасының жүз данасын жөнелткен. Сонымен қатар елордадағы бірнеше кәсіпкер бірлесіп, 10 тонна азық-түлік алып берген. Нәубеттен жапа шеккен жұртшылыққа қолдау болсын деп бірнеше аспаздық топты да ұйымдастырған. Олар эвакуациялық орталықтарға орналастырылған адамдармен қоса, табиғи апатпен арпалысып жатқан мамандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауға Ұлттық ұлан бортымен 23 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191793/)