Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданының қатынассыз қалған Қарақамыс елдімекеніне тікұшақпен 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Екі апта бұрын ауыл мен екі ортадағы көпірді су бұзып, көлік қатынасы үзілген еді. Құтқарушылар «Қазавиақұтқару» мекемесінің Ми-8 тікұшағымен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жолдаған азық-түлік, керек-жарақты тұрғындар қолына тапсырды. Қайтар жолда ауылдан 6 адам, оның ішінде 4 бала Орал қаласына эвакуацияланды. Бүгінде облыс бойынша әлі 10 елдімекен қатынассыз қалып отыр. Ол жақтарға тек тікұшақпен баруға болады.
Ардан Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысындағы Қарақамыс елдімекеніне тікұшақпен азық-түлік жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191807/)