Қарағанды облысының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды. Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар қызметінің 70 шақты қызметкері, 11 техника, 6 су көлігі және 27 су сорғыш жұмылдырылды. Қарағанды облысы бойынша жағдай біршама тұрақталды. Қауіптің беті сейіліп, су деңгейі төмендеуде. Аймақта су тасқынының қауіпті кезеңі артта қалды.
Жандос Бақытұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысының құтқарушылары солтүстік өңірге аттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191809/)