Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 бала аман-есен дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, ең көп сәби, яғни 32 нәресте Ақмола облысында туған. Батыс Қазақстанда - 22, Атырауда – 18, Ақтөбеде – 14, ал Қостанайда - 8, Абай облысында 4, Қарағанды облысында – 2 нәресте өмірге келді. Бұған дейін, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланғанын айтқан едік. Босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатыр.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 бала дүниеге келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191830/)