Су тасқыны болған және қауіп алдында тұрған облыстарда құтқарушылар мен аймақ тұрғындары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қазір оларға су бөгетін жасауға құм салатын қапшық, күрек, қолғап пен қоларба қажет. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар түнгі жұмыстарға қолшамдар тапшы деп отыр. Ал су тасқынынан зардап шегіп, үйсіз қалған ағайынға дәл қазір дәрі-дәрмек, көрпе-жастық және балаларға арналған тағам мен жөргек жетіспей жатыр. Сондай-ақ, резеңке етіктер мен жылы киімдер қажет.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны болған аймақтарда құтқарушылар мен аймақ тұрғындары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191889/)