«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы басталды. Таңнан бері жұмысшылар аула мен арық-атыздарды тазалап, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін бояп, ретке келтіріп жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қураған бұталарын қырқып, түбін қопсытуға кірісті. Қаланы жаппай тазалау жұмыстарына 8 ауданда 364 арнайы техника, 800-ден аста жұмысшы жұмылдырылған. Науқан қаланы абаттандыру жұмыстары аяқталғанша, бір айға жалғаспақ.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191896/)