Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Хәл сұрасып, сабырға шақырды. Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және тасқынға қарсы күресіп жатқан жергілікті тұрғындармен жолықты. Мүфтидің жұмыс сапары кезінде тасқыннан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеті үлестіріліп, мүфтият атынан ыстық тамақ берілді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас мүфти Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191963/)