Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында шекара маңындағы өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланып, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайту тапсырылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және даму перспективалары айтылды. Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулердің кестесін де қарастырды.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екі ел Үкіметтеріне апатқа қарсы күрес кезінде ықпалдастықты нығайту тапсырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/191965/)