Төтенше жағдай жарияланған облыстарда эпиджағдай тұрақты. Азаматтардан инфекциялық дерт анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтты. Су тасқыны болған аймақтарда, дәрі-дәрмек қоры, медициналық заттар жеткілікті, деді. Жалпы, аталған аймақтарда 103 адам ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ, қауіпсіз жерге көшірілгендердің арасында 560 адамның әртүрлі созылмалы ауруы бар. Олар да, дәрі-дәрмекпен қамтылған. Ведомство өкілі, су тасқыны басталғалы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел желісіне мыңнан аса қоңырау түскенін жеткізді. Олардың ішінде 76 адамға психологиялық көмек көрсетілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдай жарияланған облыстарда эпиджағдай тұрақты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192013/)