Бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін елордада еріктілер және қайырымдылық ұйымдары бірлесіп гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашқан. Мұны қалалық Волонтерлер фронт-офисінің басшысы Эльвира Есмұханова айтты. Бүгінде зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілген. Олардың ішінде азық-түлік, жылытқыш техника, қайықтар, генераторлар, күректер, жеке гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары бар. Ел аманаты өңірлерге жүк көліктері мен ұшақтар арқылы жеткізіліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192033/)