Су тасқыны болған аймақтарда ұялы байланыс қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады. Құлсарыдағы 5 базалық станция мен Қостанай облысындағы Кcell ұялы байланыс операторының жабдықтарын су шайып кеткен. Цифрлық даму министрлігі, су тасқыны болған 6 облысқа 50-ге жуық «Старлайнк» терминалын жіберді. Сондай-ақ, абоненттерге қосымша тарифтік ресурстар қосып, бірнеше спутниктік телефонды пайдалануға берді.
Альбина Әтен, ҚР ЦДИАӨМ ресми өкілі:
Beeline компаниясы су басқан елді мекендерден эвакуацияланған 33 мыңнан астам абонентті жалпы құны 132 млн теңгеден астам тегін дауыстық байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Tele2/Altel мамандарының мобильді командасы тікұшақпен жүріп, Қостанай облысында бірнеше базалық станцияларды қалпына келтірді. Дәл Қостанай облысында су тасқынынан осы байланыс операторының инфрақұрылымдық объектілері ең көп зардап шеккені белгілі болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны болған аймақтарда ұялы байланыс қалпына келтіріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192066/)