Ақмола облысындағы Жабай өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, Атбасар қаласына су кірді.
Бүгін таңғы беске таяу топырақтан жасалған дамба 6 жерден бұзылып, қызыл су ырық бермей кеткен. Бірден қалада дабыл жүйесі іске қосылды. 7 уақытша орналасу пункті ұйымдастырылып, су басқан үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бірден аудан әкімі халыққа үндеу жасап, қауіпті аймақтағы халықты да жылдам көшуге шақырды. Су сору жұмыстарына 400-ден астам адам, 100 техника жұмылдырылған. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетейік, 2017 жылы тура осы Жабай өзені тасып, жүздеген үйді су басқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысындағы Атбасар қаласына су кірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192089/)