Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы эвакуациялық пункттерде тұратын 600-ден астам адам өз ауылдарына қайтты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі жағдай туралы брифингте баяндады. Еріген қар суы басқан аймақтардан 9 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.
Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
Біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 686 отбасына 126,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: Торғайдағы адамдар үйлеріне оралып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192091/)