Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 27 мыңнан астам құтқарушы күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Ерсалы Сайпаш айтты. Оның сөзінше, авариялық-құтқару шараларына 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылған.
Еліміздің 8 өңірінде, атап айтар болсақ, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті аумақтағы 29 Төтенше жағдайлар департаменті әрекет етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 27 мың құтқарушы жұмыс істеуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192093/)