Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде жалған ақпарат тарап жатқанын хабарлады. Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан қаражат аудару туралы өтініш жасаған хабарлама тарап кеткен. Бұл - фейк. Оны интернет алаяқтар таратып отырғанын айтты. Полиция алаяқтарды анықтау жұмыстарын бастап кеткен. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеуге, ақша аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет мессенджерлерде жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192094/)