Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді

11.04.2024

Топан су Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына жетті. Петропавлда өзен деңгейі 4 сағатта 420 сантиметрге көтерілді. 

Эльмира Кәленова, тілші:

Петропавлға тасқын судың басы келіп жатыр. Есіл өзені көтеріліп, қауіпті деңгейіне жетті. Синоптиктер су деңгейі бірден 1 метрге көтерілуі мүмкін екенін айтып отыр. Сондықтан облыста алдын-ала дауыдлы ескерту жарияланды. Әзір үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Біз облыс орталығына іргелес орналасқан Қызылжар ауданының Боголюбово ауылынан тікелей байланысқа шығып тұрмыз. Мұнда бірнеше үйді су басқан. Көршілес Надежка, Семипалатное ауылдарында да осындай жағдай. Қазір елді мекеннің су басқан аймағында ешкім жоқ. Тұрғындардың барлыға кеше эвакуацияланған. Ауылда электр жарығы жоқ. Трансформаторды су басып қалған. Қазір осы елдімекен тұрғынымен сөйлесіп алсақ.
Зайни Сағындықова, ауыл тұрғыны:

Сергеев су қоймасының деңгейі түсіп жатыр. Қазір арнасынан ағып жатқан судың биіктігі 395 см. Оның максмалды көрсеткіші 4 м 25 см болған еді. Сергеев қоймасынан шыққан су облыс ориалығына келіп жатыр.Есіл өзенінің бойында орналасқан 200-ден астам ауылға әлі де тасқын қаупі төніп тұр.

Хабарламаларға жазылу