АҚШ-тың Луизиана штатында дүлей дауыл соғып, алапат су тасқыны жүрді. Табиғи апаттан әсіресе Жаңа Орлеан қаласы қатты зардап шеккен. Мұнда жолдарды су шайып, көлік қатынасы қиындады. АҚШ ұлттық ауа-райы қызметінің хабарлауынша, штаттың оңтүстігінде бірнеше мәрте құйын көтерілген. Арты жауынға ұласқан. Жаңбыр мен дүлей дауыл бүгін басылуы мүмкін.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Луизиана штатында дауыл соғып, алапат тасқын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192130/)