Тасқын жүріп өткен Ақтөбеде үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын жүріп өткен Ақтөбеде үшем дүниеге келді

11.04.2024

Тасқын жүріп өткен Ақтөбеде үшем дүниеге келді. Өңір жұрты мұны жақсылыққа балап отыр. Нәрестелердің үшеуі де - қыз. Оларға Сұлу, Әдемі, Дара есімдері берілген. Ал, Ойыл ауданының тұрғыны перзентханадан шыққан қызы мен жарын қайықпен күтіп алды. Романтика демессіз, бірақ бұл оқиға көпшілікті ерекше сүйсінтті.

Гүлсім Жолмұхамбетова жолдасымен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Енді оларға бір мезетте үш бірдей кесте тігер қосылып, әп-сәтте көп балалы ата-ана атанып үлгерді. Қыздары кесір тілігі арқылы дүниеге келген.

Гүлсім Жолмұхамбетова, үшемнің анасы:

Енем особенно қатты қуанды.Сол кісі күтіп жүрген. Себебі менің жолдасым отбасында тек екі ұл. Ағасы бар және өзі. Одан кейін біздің үш қызды естігенде қатты қуанған.

Тәжірибелі дәрігерлер сәбилдердің де, олардың анасының да өміріне ешқандай қауіп төндірмей, жедел әрекет еткен. Сәбилер алдымен жан сақтау бөлімінде болды. Қазір палатаға шығарылған.Жағдайлары жақсы, салмақ жинау үстінде. Бұл перинаталдық орталықта соңғы екі жылда 234 рет егіз, 4 рет үшем және бір төртем дүниеге келген.

Ал бұл Ойыл ауданының тұрғыны Мерей мен Асқар Құсайыновтардың тасқын кезінде дүниеге келген сәбиі. Оны әкесі лимузинмен емес, қайықпен күтіп алды. Ауылға тура жол болмағандықтан жас босанған ананы өзеннен қайықпен өткізуге тура келген. Отағасы кішкентай қызы мен жарын қолына гүл алып, жағалаудан қарсы алған.

Үйіне қайықпен оралған Дананың да, ананың да жағдайы жақсы. Отағасы Асқар төтенше жағдайлар бөлімінде еңбек етеді. Ол тасқынға қарсы жұмыстардың бел ортасында жүрді.

 Асқар Құсайынов, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері:

Осындай тасқынға байланысты алдында айтқанымдай,ер бала болғанда Тасқын деп қоятын едім деп. Қыз бала болып Дана есімді қыз бал дүниеге келеді. Барлықтарыңызға рахмет. Қазір елімізде болып жатқан төтенше жағдайлардан басымыз аман болсын.

Ойыл ауылына әлі көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар өзеннің арғы бетіне қалқымалы көпірмен және қайықтармен ғана өте алады. Жауаптылар денсаулығына байланысты облыс орталығына баруы тиіс тұрғындарды уақыт жоғалтпай тасымалдауға мүмкіндік барын айтып отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу