12-сәуір – ғарышкерлер күні. Мерекеге орай Ұлттық қорғаныс университетінде халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Авиация генерал-майоры жас сарбаздарға дәріс оқып, сұрақтарына жауап берді. Ғарышқа сапары аясында атқарылған тәжірибелердің мән-маңызын түсіндіріп берді. Мәселен, радиацияның адамға әсерін ғарыштан қалай бақыланатыны туралы баяндалды. Сондай-ақ Арал және Каспий теңіздеріне ғарыштан жасалған мониторинг нәтижелерін бөлісті. Іс-шараға қатысқан студенттер кездесуден алған әсерін жеткізіп, тәрбиелік мәнін атап өтті.
Алишер Табылдиев, Ұлттық қорғаныс университетінің магистранты:
Отанға адал қызметі туралы айта өткендей бүгінгі іс-шара өте әсерлі. Болашақта біздің рухымыз көтеріліп осы іс-шарадан болашақта біз де генерал боламыз. Отанға адал қызмет етуді қалаймыз.
Мәди Бижан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=12 сәуір – Ғарышкерлер күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192160/)