Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Тәжікстан Президенті еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тілеулестік танытқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтып, тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін айтты. Үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет Басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192210/)