Ақмола облысының Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға, гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. 4 ауылға су кіріп, 540 адам эвакуацияланды. Аймақта 13 уақытша орналастыру пункті жасақталған. Қазір онда 30-ға жуық адам тұрып жатыр. Қалғандары туыстарының үйлеріне кеткен.
Валентина Кальтенбергер, Иванковка ауылының тұрғыны:
Келінім үш баласымен туыстарының үйіне кетті. Балам ауылда қалды. Мұнда өзім жалғызбын. Құтқарушылар, еріктілер барлығы көмектесіп жатыр.
Генадий Михайлов, Иванковка ауылының тұрғыны:
Мен су келгенде шатырдың үстінде болдым. Кейін құтқарушылар келіп, тікұшақпен алып кетті. Мұнда қазір анам мен ағам үшеуіміз тұрып жатырмыз. Ең бастысы аман қалдық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 13 уақытша орналастыру орны жасақталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192228/)