Атырау облысы Жылыой ауданында жағдай тұрақталып келеді. Қазір инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр. Құлсарыға барған Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесіп, тасқыннан зардап шеккен аумақтарды аралады. Кешелі бері қаладан 7 мың текше метрге жуық су шығарылған. Бұған 80-ге тарта техника тартылды.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бөгеттер орнатылды, су үлкен лекпен келді. Ол қайда кетеді, ағып кететін жері жоқ. Комиссия құрылып жатыр, біз міндетті түрде бұл мәселені көтереміз. Тергеу жүріп, қылмыстық іс қозғалу керек деп ойлаймын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысы Жылыой ауданында инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192230/)