Ақмола облысына қарасты Астрахан ауданында да жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұған - Колутон, Аршалы және Боқсық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. Өзен ернеуінен асқан су - 4 ауылға жайылып, 30-ға жуық үйге кірген. Ол жақтан 160 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Тасқынның салдарымен күресуге және құтқару жұмыстарына қажетті күш-құрылымдар жұмылдырылды. Енді тасқыннан келген көлемі есептеліп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192246/)