Петропавлда электрмен жабдықтау мәселесі кешкі 21: 00-ге дейін толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты. Сонымен бірге, су тасқыны болған бірқатар өңірде оң өзгеріс бар. Мәселен, Қостанай облысында жарықтан ажыратылған абонент саны - 5 мыңнан бір мыңға, ал Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103-ке дейін қысқарған. Батыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз отырған абонент саны - 4 есеге, ал Атырау облысында - 3 есеге азайды. Электр желілерін қалпына келтіруге 9 мыңнан астам энергетик пен 2 мыңдай арнайы техника жұмылдырылған.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192252/)