Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралады. Құжатқа сәйкес, денсаулыққа қасақана ауыр не орташа зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Суицидке итермелегендер үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 16 жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерді де бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192296/)