Қарағандыда тұңғыш рет робот-хирург миға күрделі операция жасады. Эпилепсияның қиын түрімен ауыратын науқасқа нейрохирургтар заманауи құрылғының көмегімен ем-шара көрсетті. Әмбебап машина ми ісігін биопсиялау, мидың терең стимуляторын импланттау сынды бұрын-соңды сағаттап өтетін операцияларды тез әрі сапалы жасап шықты. Робот-хирургты тәжірибелік сынақтан өткізу үшін Қытай дәрігерлері көмек көрсетті. Келешекте еліміздің клиникаларына осындай заманауи қондырғылар алынатын болады.
Ғабит Махамбет, Нейрохирургия және неврология орталығының жетекшісі:
Біз осы роботпен нейрохирургияда 10 ота өткіздік. Робот бізге өте жақсы көмектеседі. Оталарымыз тез өтті. 1 әрі кетсе 2 сағаттың ішінде. Мен ойлаймын келешегіміз осындай машиналарда болады.
Жандос Бақытұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда робот-хирург миға күрделі операция жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192362/)