Оралда жазасын өтеушілер елдің басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Себебі Жайық өзені тасыған жағдайда №27 орташа тәртіптегі түзету мекемесін су басу қаупі бар. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы сотталғандар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылорда облыстарына пойызбен көшірілгенін хабарлады. Барлығы 700-ге жуық адам. Түрме 1957 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан. Қаланың осы "Коминтерн" деп аталатын аумағын су басу қаупі бар. Қазір Жайық деңгейі 776 см-ге жетті.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда жазасын өтеушілер елдің басқа өңірлеріне эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192372/)