Солтүстік Қазақстанға Павлодар мен Көкшетау қалаларынан бір топ ерікті жетті. Олар тасқынға қарсы шараларға көмектесуде.
Эльмира Кәленова, тілші:
Біз Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылынан тікелей эфирге шығып тұрмыз. Мамандар мәліметінше аталған елді мекенде су деңгейі сәл ғана төмендегені байқалады. Ал Петропавлда соңғы 3 сағатта Есіл 3 сантиметрге көтерілді. Көкшетау мен Павлодар қалаларынан келген еріктілер 2 күннен бері еңбек етіп жатыр. мына қаптарға тиелген инертті материалдар суды бөгейді.
Облыста 2 мыңнан астам үйді су басты. Дәл қазір Большая малышка, Соколовка, Долматово ауылдарында эвакуация жүріп жатыр. Су тасқынына байланысты 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апатқа қарсы шараларға 5 мыңнан астам адам, 100-ге жуық техника жұмылдырылған
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанға Павлодар мен Көкшетау қалаларынан бір топ ерікті жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192384/)