Тасқыннан зардап шегіп отырған Ақтөбе және Атырау облыстарының мектеп оқушылары жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсыруға міндеттелмейді. Мұны Астанада өткен Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты. Сондай-ақ еліміздің 42 мектебінде оқушылардың біліміне мониторинг жүргізілмейді, деді. Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін, уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе, Атырау облыстарының мектеп оқушылары ТЖБ, БЖБ тапсыруға міндеттелмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192400/)