Су тасқыны: Солтүстік Қазақстан облысына электротехника мен қорғаныш киімдері жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Солтүстік Қазақстан облысына электротехника мен қорғаныш киімдері жіберілді

17.04.2024

Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер шаһар жұртшылығының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл төртінші қайырымдылық керуені. Бұл жолы көліктерге құрылысқа қажетті заттар, электротехникалар және су кешіп жүруге арналған киімдер мен қорғаныш құралдары тиелді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған штаб қажетті бұйымдарды тұрғындардың сұранысына сай жинап жатыр. Жалпы шымкенттіктер су басқан аймақтарға 100 тоннадан астам қайырымдылық көмек жөнелтті. Оның сыртында төрт теміржол эшелонымен инженерлік, жүк тиеуге арналған 200 техника және 286 адам жіберілді.

Тахирбек Нышанбаев, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:

Енді келешекте біз ол жаққа резеңке етік, резеңке комбинизон, кереует, раскладушка, электродвижоктар, электроқайық, үлкен техникалар қажет. Экскаватор, камаз сияқты заттарды жіберуге әрекет жасаймыз.

Дінмұхаммед Аманов, волонтер:

Орал қаласына, Атырау облысына еріктілерді жіберудеміз. Ол жақта өз көмектерін көрсетіп жұмыс біткен уақытта қайта келіп, ауысыммен барады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу