Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады. Артур Ластаев Президентке Омбудсменнің бір жылдық жұмысы туралы есеп берді. Оның айтуынша, былтыр құқық қорғау институтына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалып, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Абақтыдағы азаптау оқиғаларының алдын алу үшін мыңнан астам кездесу өткізілген. Омбудсмен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы да айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды – омбудсмен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192465/)