Батыс Қазақстан облысына Ресейден су ойысты. Осының салдарынан Жайықтың деңгейі бір тәулікте 38 см-ге көтерілді. Бұл Бәйтерек ауданы Январцев ауылының тұсы. Ал Оралға су үш-төрт күнде жылыстайды деген болжам бар. Қазір Жайық, Шаған, Деркөл айналасындағы саяжайларда 3 мың үйге су жайылды. Қалалық мәдени-демалыс саябағына да су кірген. Спортшылар саябақ қасындағы Атоян атындағы стадионды қорғап қалу үшін іргесін құм қапшықпен бекітіп жатыр. Жалпы өңірде тасқынға қарсы күреске 1300-ге жуық техника тартылды. Оның 900-і өзге аймақтардан келген көмек. Суды бөгеуге 8 мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Қалияр Айтмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары:
Жайық көтеріліп жатыр. Шағаннан келетін судың көлемі әлі көп. Сол себептен екеуінің деңгейі теңесті де, енді Жайық тасыса, Шаған да солай тасиды. Осы саяжайларды басады. Бірақ, ең басты мақсат - қалаға жібермеу керек мол суды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жайықтың деңгейі көтерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192545/)