Су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлеу мерзімі 1 шілдеге дейін шегерілді. Қаржы министрі, арнайы бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сай, төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде, апаттан зиян шеккен жеке және заңды тұғалардың/ наурыздың 1-нен маусымның 30-на дейінгі кезең үшін төленетін салықтық және әлеуметтік төлемдері кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мерзімдері де, ауыстырылды. Уақытылы орындалмаған салық міндеттемесі мен берешектерге қатысты мәжбүрлеп өндіру шаралары жүргізілмейді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша, хабарламаны орындау мерзімі де ұзартылды. Сондай-ақ 1 шілдеге дейін кешенді, хронометраждық зерттеп-қарау сияқты салықтық тексерулерден босатылады. Уақытылы төленбеген салықтар бойынша, өсімпұл есептелмейді. Бұл өзгерістер, осы жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Салық төлеушілерге, мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. Зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: Салық төлеу мерзімі 1 шілдеге дейін шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192549/)